ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктері

ҚҚС артықшылықтары:

1/ ҚҚС салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады;

2/ Бағаның өсуі кезінде, ққс ставкасы өзгермегеніне қарамастан салықтық түсім деңгейі төмендемейді және бюджеттің қаражаттарының инфляциялық процесінің алдын алуды ең тиімді тетігі болып табылады;

3/ ҚҚС ставкаларын саралау арқасында мемлекетке тұтынушылық сұранысты реттеуде елеулі еркіндік береді;

4/ ҚҚС фискалдық қызмет атқарады және баға мен инфляцияны ырықтандыруда мемлекет мүддесімен табысты ұштастырылады;

5/ ҚҚС экономиканы мемлекеттік реттеу құралы, сондай-ақ артық өндіру дағдарысымен күресу тетігі болып табылады;

6/ ҚҚС ставкалары әлемдік практикада тек деңгейі бойынша ғана емес, сондай-ақ санымен де ерекшеленеді, төмендетілген ставкалар-азық-түлікке, жоғары ставкалар-сән-салтанат заттарына қолданылады;

7/ Әлемдік практикада рыноктан әлсіз өндірушілерді тездетіп ығыстыру, артық
өндіру дағдарысын болдырмау мақсатында жүргізілетін өндірісті тежеу
саясатының элементі болып табылады.

ҚҚС кемшіліктері:

1/ Қосылған қүн салығының жоғары ставкасы халықтың тұтынушылық қабілетін төмендетеді және тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады, сондай-ақ тауар өндірушілердің тұтынушылардың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты өз өнімдерін тез өткізуіне мүмкіндік (кедергі келтіреді) бермейді;

2/  Қосылған құн салығы регрессивті жанама салық болып табылады, өйткені толығымен соңғы тұтынушыға жүктеледі;

3/ Шикізат пен материалдар бойынша жеткізушілерге ққс төлеу мерзімі (сәті), өткізілген өнім бағасында тұтынушылардан ққс-ын алу уақытымен сәйкес келмейді;

4/ Салық есебінде есептеу әдісін қолдану салық төлеушілерді ққс төлеу үшін меншікті айналым қаражаттарын өндірістен алуына итермелейді;

5/  Қосылған құн салығының жоғары ставкасы  баға деңгейін өсіріп,  өзін-өзі қаржыландыру процесін қамтамасыз ете алмайды;

6/ Қосылған құн салығының реттеушілік мүмкіндіктері мен ішкі мазмұнын дұрыс қолданбау кәсіпкерлік қызметке, әсіресе өндіріс саласына жағымсыз әсер етеді.