Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен үстеме пайдаға салынатын

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер  болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.

Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:

Рет № Жылдық өндiру көлемi Ставкалар, %-бен
1. 250 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 5
2. 500 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 7
3. 1 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 8
4. 2 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 9
5. 3 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 10
6. 4 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 11
7. 5 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 12
8. 7 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 13
9. 10 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда 15
10. 10 000 000 тоннадан жоғары 18

 

Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы   10 процентті құрайды.

Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:

Рет № Жылдық өндіру көлемі Ставкалар, %-пен
1. 1,0  млрд. текше. м. дейін қоса алғанда 0,5
2. 2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда 1,0
3. 2,0 млрд. текше м.-ден жоғары 1,5

Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет №   Пайдалы қазбалардың атауы Ставкалар, %-бен
1. Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi Хром кенi (концентраты) 16,2
Марганец, темiр-марганец кенi (концентраты) 2,5
Темiр кенi (концентраты, окатыштар) 2,8
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) 22,0
2. Металдар Мыс 5,7
Мырыш 7,0
Қорғасын 8,0
Алтын, күмiс, платина, палладий 5,0
Алюминий 0,25
Қалайы, никель 6,0

 

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет Пайдалы қазбалардың атауы %-пен
1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас 2,5
2. Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы  4,7
3.

 

 

 Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас  5,6