Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі

ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

1/ шот-фактураның реттік номері мен толтырылған күні;

2/ тауарларды    беруші    мен    алушының    тегі, аты, әкесінің    аты    не    толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;

3/ откізілетін тауарлардың атауы;

4/ салық салынатын айналымның мөлшері;

5/ ҚҚС ставкасы; сомасы;

6/ ҚҚС ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.

Егер басқа жағдайлар салық кодексінде белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жүзеге асырған күннен ерте емес және өткізу бойынша айналымды жасағаннан кейін 5-7 күн ішінде толтырылады. Шот-фактура  басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша бөлек көрсетіледі. Тауарлар құны және ҚҚС сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.