Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен Қазақстанда енгізілуінің алғышарттары

КҚС — тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Бұл салықтың ерекшелігі — оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.

ҚҚС салық жүйесіндегі жаңа салықтың бірі болып есептеледі. Бұл салық Қазақстанда 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. ҚҚС алғаш рет Францияда пайда болған. Қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре 1949 жылы ұсынған болатын, бірақ француз Үкіметі бұл салықтық экономикалық мазмұнын зерттей келе, оны тауар тапшылығы, өндіріс құлдырауы мен гипертрофты экономикамен сипатталатын тарихи сәтте енгізуді жөн санамады және бірнеше жыддар өткен соң елдегі экономикалық жағдай жақсарғаннан соң бұл салықты қайта қарап,1954 жылы енгізді. Ол Францияда енгізілген кезінен бастап 40 жыл ішінде бүкіл әлемді жаулап алды. ҚҚС-ның қолданылуы ЕЭО-қа енудің міндетті шарты болғандықтан, оны «Европалық салық» деп атайды. Экономикалық қауымдастық жөне даму ұйымының 24 елінің 19-ы қосылған құн салығын қалады. 1992 жылы Қазақстанда енгізілген кезінде ҚҚС әлемінің 40 елінде табысты қолданылды. Бүл салықтың ерекшілігі мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағаның өзгеруіне, төлеушінің қаржылық жағдайына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және түрақты базасын қамтамасыз етеді.

Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған еддерде қолданылу мақсаты «экономиканың қызып кетуін» болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.