Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу

 Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын.

 Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

 Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді.

Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру».

 Профессор Н.Б.Мухитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелу туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет — деп есептейді ол – табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұнын қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ету үшін қанлшалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады».

Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

    •  Бақылау нысаның анықтау.

    •  Белгіленген нысанды зерттеу.

    •  Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.

    •  Зерттеу жұмысын жоспарлау.

    •  Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.

    •  Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.

    •  Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.