Фонтанды арматура

1. Арматура схемасын оның элементтерін және бөлшектеріне материал таңдау.
2. Фланецті қосылысқа әсер ететін күштерді анықтау.

Фонтанды арматура скважинаның сағалық жабдығын, сорапты коспрессорлы құбырларды ұстап тұруға, құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыруға, дроссель көмегімен скважина жұмысын реттеуге, манометр көмегімен арматураның негізгі бағанасындағы қысымды реттеуге арналған.Фонтанды арматура жұмыс жасау шарты жабдықтардың апатсыз ұзақ мерзімде жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында оның схемасын, түйіндерінің құрылысын және бөлшек материалдарын ұқыпты таңдау қажет. Фонтандаушы скважиналардың қысымы 100МПа дейін жоғарылауы мүмкін. Скважинадан шығатын сұйықтың жылдамдығы фонтанды арматураның кейбір бөліктерінде секундына жүздеген м дейін жетуі мүмкін. Сұйық және газ көп жағдайда агрессивті және арматура бөлшектерінің қарқынды каррозияға ұшырауына әсер етеді. Арматурадан болатын апаттар ашық фонтандаумен кей жағдайларда өрт болуы мүмкін. Фонтанды арматураның параметрлерінің схемасы ГОСТ-13846 бойынша дайындалады.Фонтанды арматураны құрастыру барысында оның негізгі параметрлері беріледі: жұмыс қысымы және фонтанды ёлканың бағаналық бөлігінің өткізгіштік қимасының диаметрі сонымен қатар қосымша мәліметтер, түсірілетін СКҚ-дың саны және өлшемдері, қабат өнімінің сипаттамасы оның агрессивтілігі және ондағы механикалық қоспалардың болуы.Фонтанды арматураның есептеу келесі тәртіпте жүргізіледі.
1. Арматура схемасын таңдау- тройникті және крестовикті.
2. Фонтанды ёлканың шығу жолдарын анықтау сонымен қатар күштік құрылғыларының негізгі бөлшектерінің материалдарын анықтау.
3. Арматураның жалпы көрінісін және бөлшектерінің есептеу графикалық сызбалау.

Төмен және орташа қысымда 7-35 МПа тройникті арматура, орташа және жоғары қысымда 35-150МПа қысымда крестовикті арматура қолдануды ұсынады. Арматураның өткізгіштік қима диаметрі және шығу жолының саны скважина өнімінің көлемі бойынша анықталады. Арматурадағы сұйықтың орташа жылдамдығы 0,5-5 м/с болуы қажет. Скважина көлеміндегі механикалық қоспалардың көлемі немесе құрамы жоғары болғанда негізгі жұмысшы бөлшектерінің істен шығуында қосымша шығу жолдарын ескеру қажет. Төмен қысымдағы күштік құрылғылар ретінде крандар, ал жоғары қысымдарда задвижкалар қолданады. Арматураға қойылатын талаптарға байланысты күштік құрылғылар қолмен, дистанционды және автоматты басқару қолданылады. Арматураның ауыр жұмыс шартында крестовикті арматура бөлшектері болаттан дайындалады.