Экологиялық сақтандыру

 Экологиялық сақтандыру – кәсіпорындарды, кәсіпорындарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ кәсіпорындарды, олардың меншік объектілерін және табысын кәсіпорындарды және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан кәсіпорындарды. Экологиялық сақтандыру қорлары кәсіпорындарды және кәсіпорындарды апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардың зардаптарын жоюға пайдаланылады. кәсіпорындарды және қорларды пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.

 Экологиялық сақтандыру:

  •  Қоршаған орта мен адамдарға келтірілген залал үшін төленетін ақшалай қаржыны жарна ретінде жинақтау үшін ұйымдастырылған (қауіпсіздік) қорды жасақтау мен пайдалану шараларының жүйесі. Белгілі бір төтенше окиғалар болған жағдайда да осындай қауіпсіздік төлемдері төленеді. Экологиялық сақтандырудың ерікті немесе міндетті (мемлекетгік) түрлері болады;
  •  Экологиялық тұрғыдан қауіпті объекгілерде апат немесе алапат болған жағдайда оның иелері осы жерде апат істейтін немесе байланысты адамдарды (жеке немесе заңды тұлғаларды) қауіпсіздендіруге тиісті.

 Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында Экологиялық сақтандыруға мынадай сипаттама берілген:

 1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны ластаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құралатын табиғи ресурстарды қорлары есебінен, сондай-ақ зандармен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады.

 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлері мен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сактандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сактандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

 3. Ерікті экологиялық сактандыру занды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін біддіруі бойынша жүзеге асырылады. Еркін экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдер мен белгіленеді".

 Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93-ІІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.  

 Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

 Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысы айқындайды.

 Сақтандыру объектісі — шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.

 Сақтандыру шарты жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, сақтандыру полисін беру жолымен жасасылады.

 Егер Сақтанушы өзінің жауапкершілігін қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасасылады.