Аукциондардан алынатын алым

Аукциондардан алынатын алым аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады. Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.  Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады. Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткі-зу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi. Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсі бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.

Алым төлеу  алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.