Экологиялық менеджмент жүйесін ендіру кезеңдері

 Экологиялық менеджмент жүйесі – жалпы менеджмент жүйесінің бір бөлігі, оған ұйымның құрылымы, қызметті жоспарлау, жауапкершілікті бөлу, тәжірибелік жұмыс, сондай-ақ экологиялық саясатты, мақсаттарды және міндеттерді әзірлеуге, ендіруге, оларды іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға және оларды жетілдіруге қажетті рәсімдер, үрдістер және ресурстар кіреді. ISO принциптеріне сәйкес жасалған экологиялық менеджмент жүйесі кәсіпорынның экологиялық аспектілерін басқару үрдісін жетілдіруге жәрдемдеседі, ал бұл өз алдына қуат пен шикізатқа, қалдықтарды қайта өңдеуге және пайдаға асыруға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді. Кәсіпорынның экологиялық қызметін толығымен қадағалаудың арқасында келеңсіз жағдайлардың пайда болу қаупі төмендейді, осындай жағдайларға байланысты болатын шығындар айтарлықтай қысқартылады.

 Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары

  •  Кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту;
  •  Кәсіпорындар қызметінің экологиялық тиімділігін арттыру;

  •  Кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;

  •  Шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту және оларды қайта өңдеу.

 Экологиялық менеджмент жүйесін ендіру кезеңдері

  •  Бастапқы жағдайды бағалау;

  •  Экологиялық менеджмент жүйесін ендіруді жоспарлау;
  •  Мақсаттар, міндеттер қою және бағдарламаларды әзірлеу;

  •  Мониторинг жүргізу (бақылаужүйесі);
  •  Нәтижелілігін бағалау;

  •  Экологиялық менеджмент жүйесіне ішкі аудит жүргізу.

 Экологиялық менеджмент жүйесі

 Экологиялық қызмет материалдық және энергетикалық ресурстарды тұтынуды және ластағыш заттардың (шығарындылар, қалдықтар, өте қауіпті заттар мен материалдарды пайдалану және т.б.) шығарылуларын азайтуғабағытталғанжоспарлыәрекеттер мен іс-шараларды жүзеге асырудан тұрады.

 Қоршаған ортаны қорғау жүйесі (қалдықтар, ағындысулар) атмосфералық ауаны қорғау облысындағы заңнамалардың талаптарын орындауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік іс-шаралардың жиынтығынан тұрады.

 Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, ведомстволық (салалық), өндірістік, және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

 Өндірістік бақылау қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды өндірістік факторлардың, сонымен қатар, табиғи, энергетикалық және өзге ресурстардың тұтынудың нақты көлемінің деңгейін өлшеу және есептеу негізінде жүргізіледі.

 Жергілікті және шынайы мониторинг жүргізіледі: табиғат қорғау заңнамаларын сақтауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жергілікті экологиялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Тоқсан сайын өндірістік-экологиялық бақылауға сәйкес мониторинг жүргізіледі.

0

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *