Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы

 Табиғатты қорғау табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны ұалпына келтіру арқылы табиғи реурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемелекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау. ҚР экологиялық құқығы «айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін, айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқықпен қамтамасыз етуге қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе теңдікті сақтаумен, табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

 Республикада айналасындағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны әсер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарымен реттеледі. Бұл заңдылықтардың міндеттері:

  •  Адамның тұруы үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, табиғи қорларды ұтымды пайдалану, жаңғырту және неғұрлым ұзақ мерзімге сақтау, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру мен жақсарту оған шаруашылық және өзге қызметтің зиянды ықпал жасауында жол бермеу мақсатында айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеу.

  •  Осы қоғамдық қатынастар саласында азаматтардың кәсіпорындардың, мекемелермен ұйымдардың құқықтарын қорғау.

  •  Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын белгілеу.

  •  Әр алуан экологиялық жүйелер мен өңірлерді бірегей табиғи объектілерді және соларға байланысты мәдени мұраны сақтау.

  •  Қоғамдық қатынастардың осы саладағы заңдылық және құқықтық тәртібін нығайты.

 ҚР­ның мемлекеттік экологиялық қызметі оның табиғатты қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде табиғат қорларын есепке алу, бағалау, айналасындағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың экономикалық тетіктерін белгілеу, жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу, экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды қолдану осы табиғи ортаны қорғау саласында басқару мен бақылау, сараптама жүргізу, ғылыми зерттеу қызметін ұйыдастыру, экологиялық кадрлар даярлау, білім, тәрбие беру және бұл салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ерекше орын алады.

 Айналадағы табиғи ортаның қолайлы жағын анықтап оны сауықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы да тиімді қызметін ұйымдастыру үшін республикалық, мемлекеттік, экологиялық бағдарламасы облыстардың, қалалар мен аудандардың экологиялық бағдарламалары әзірлені, жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаларға әзірлеу тәртібі белгіленеді.

  • Экология саласнда мемлекеттік қатынастарды басқару

 Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамда әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын 3 жағдай бар:

  •  ҚРның табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

  •  ҚР халықтың ресми өкілі

  •  Қоршаған табиғи ортаны қорғау, оны адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

 Мемлекеттік эколгиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды қорғаулы табғи ортаның оның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыруды іске асыру болып табылады.

 Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚРның Конститутциясы «қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң» : жер кодексі, жер қойнауы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі атмосфералық ауаны қорғау және басқа заңдар мен заңдық актілер. Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, адам өміріне, денсулығына қолайлы жағдай жасау. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып атқарылатын экологиялық қызметі мынадай түрлерге бөлінеді:

  •  ҚР ның мемлекетті экологиялық бағдарламасын обылстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыру.

  •  Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды пайдалануға беруге және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау

  •  Жалпы бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру

  •  Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау

  •  Табиғи қорларды пайдаланудың эколлгиялық нормативтерін белгілеу
  • Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары

 Экологиялық менеджмент жүйесі – жалпы менеджмент жүйесінің бір бөлігі, оған ұйымның құрылымы, қызметті жоспарлау, жауапкершілікті бөлу, тәжірибелік жұмыс, сондай-ақ экологиялық саясатты, мақсаттарды және міндеттерді әзірлеуге, ендіруге, оларды іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға және оларды жетілдіруге қажетті рәсімдер, үрдістер және ресурстар кіреді. ISO принциптеріне сәйкес жасалған экологиялық менеджмент жүйесі кәсіпорынның экологиялық аспектілерін басқару үрдісін жетілдіруге жәрдемдеседі, ал бұл өз алдына қуат пен шикізатқа, қалдықтарды қайта өңдеуге және пайдаға асыруға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді. Кәсіпорынның экологиялық қызметін толығымен қадағалаудың арқасында келеңсіз жағдайлардың пайда болу қаупі төмендейді, осындай жағдайларға байланысты болатын шығындар айтарлықтай қысқартылады.

 Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары

  •  Кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту;
  •  Кәсіпорындар қызметінің экологиялық тиімділігін арттыру;

  •  Кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;

  •  Шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту және оларды қайта өңдеу.

 Экологиялық менеджмент жүйесінің міндеттері

    • Компанияның кәсіпорындар қызметінің экологиялық аспектілеріне байланысты болатын экологиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындауға негіз болатын Компания принциптері мен міндеттемелері сипатталатын экологиялық саясатты әзірлеу және қабылдау.

    • Экологиялық мақсаттарға қолжеткізуге бағытталған іс-шаралар мен іс-әрекеттерді реттеуге және жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін экологиялық қызметті жоспарлау.

    • Ішкі және сыртқы экологиялық қызметті ұйымдастыру. Бұл міндеттің мәні – тұтынылатын материалдық және энергетикалық ресурстардың көлемін және шығарылатын ластаушы заттардың көлемін (атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың, қалдықтардың, тұтынылатын аса зиянды заттар мен материалдардың көлемін, т.б.) барынша азайтуға бағытталған, жоспарланған және жоспарланбаған (қосымша) іс-әрекеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру.

    • Қызметкерлерді ынталандыру, бұл қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану қызметіне кірістіруге мүмкіндік береді.

    • Кәсіпорын жұмысының жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын алдын ала анықтау мақсатында ішкі экологиялық мониторинг және экологиялық қадағалау жүргізу.

    • Экологиялық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау. Көрсеткіштерді таңдау, деректерді жинау және талдау арқылы, экологиялық тұрғыдан кәсіпорын нәтижелілігінің критерийлері жөніндегі ақпаратты бағалау, есептілік дайындау және ақпарат пен алмасу арқылы, сондай-ақ үнемі осы үрдісті қарастыру және жетілдіру арқылы ұйымның экологиялық тұрғыдан нәтижелілігіне қатысты басқару жөніндегі шешімдерді қамтамасыз ету функциясы.

0

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *